Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

400-ші Қара пайым-сөз: «Тоғыс есебі» жұлдыздық ай-күн күнтізбесін түсіну оңай емес

Егер «Тоғыс есебі» жұлдыздық ай-күн күнтізбесінің күн, ай және жыл есебін – қазіргі уақытта күллі әлем елдері ресми күнтізбе ретінде қолданатын григориан күнтізбесімен белгілемейтін болсақ, оның құрылысы мен жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіру әлдеқайда оңай әрі жеңіл болар еді. Бірақ Жер бетіндегі барлық экономика, саясат, бизнес т.б. реттейтін күнтізбелік уақытты еуропалық григориан күнтізбесі

Егер «Тоғыс есебі» жұлдыздық ай-күн күнтізбесінің күн, ай және жыл есебін – қазіргі уақытта күллі әлем елдері ресми күнтізбе ретінде қолданатын григориан күнтізбесімен белгілемейтін болсақ, оның құрылысы мен жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіру әлдеқайда оңай әрі жеңіл болар еді. Бірақ Жер бетіндегі барлық экономика, саясат, бизнес т.б. реттейтін күнтізбелік уақытты еуропалық григориан күнтізбесі жеке дара өзі «жаулап» алғандықтан (күллі әлемге ортақ күнтізбе болғандықтан), барлық қалған әлем күнтізбелеріне шексіз билігі жүреді. Сол себепті өздерінің 12-13 айдан тұратын ұлттық және діни күнтізбелерін қолданатын әлемдегі көптеген мемлекеттер – күн, ай және жыл есептерін 12 айдан құралған еуропалық григориан күнтізбесінің даталарымен белгілеп отыруға мәжбүр болып отыр. Мұндай тәуелділіктің жалғыз себебі, күллі әлем еуропаның мәдениеті, ғылымы, компьютерлік технологиясы мен жаһандану үрдісінсіз ешнәрсе де жасай алмайтыны белгілі болды. Сөйтсе де уақытқа қатысты осы басыбайлық «құлдық қамытын» өзгертуге өткен ғасырда көп әрекеттер жасалды. Бірақ іштеріңіз сезіп отырған себептермен, бұл әрекеттердің бәрі де сәтсіздікпен аяқталды. Осылайша адами құйтырқұлық пен қолдан жасалған қиын жайларға байланысты, әлемнің басқа елдері сияқты «Тоғыс есебін» қазіргі григориан күнтізбесіне жанама күнтізбе ретінде жүргізуге және күн, ай және жыл есебін қазіргі григориан күнтізбесінің даталарымен белгілеуге мәжбүрміз. Мұның бәрі, соңғы нәтижеде, Сіздерге «Тоғыс есебінің» нақты пайдалану жолдарын түсіндіруді барынша қиындататыны мәлім. Көшпенді өмір сүрген ата-бабаларымыз ежелгі замандардан бастап (Һижраға дейінгі уақыт) «Тоғыс есебі» жұлдыздық ай-күн күнтізбесібойынша маусымдық-шаруашылық жұмыстарды атқарған. Әлемде әлі күнге дейін теңдесі болмаған бұл күнтізбенің құрылысы, жұмыс жасау қағидаттары мен пайдалану жолдарын түсіну үшін «А, Ә, Б ... Э, Ю, Я» деп әріптерді бір-біреулеп танитын бірінші сыныптың оқушысындай талаптанып оқу қажет-ақ. Бірақ өзінше қу болып алған қазіргі ақпарат заманының адамдары олай бас ауыртқысы келмейді. Әлемдегі ең ірі, әрі ең танымал «Facebook» (қаз. Фейсбук) әлеуметтік желісінде қазақ тілінде жүргізе бастаған бір дәрісте бәрін түсініп алғысы келеді. Ең баста өзіме түсінікті ғылыми тілмен түсіндіруді бастаған жазбаларымды екі ай бұрын тоқтатуға мәжбүр болдым. Себебі, басында «Тоғыс есебі» жұлдыздық ай-күн күнтізбесін үйренуге құлшыныс білдіріп, жұлқынған оқырмандарымның бәрі мектеп оқушылары сияқты дәрісімді тастап, жан-жаққа қашып кетті. Сол уақыттан бері оқырмандарға «Тоғыс есебін» қалайша қысқа да нұсқа түрінде түсіндіруге болады деп дәріс берудің бірнеше формаларын қарастырдым. Бірақ айналып келгенде, «Тоғыс есебін» түсініп, үйренгісі келетіндер тым болмаса астрономия ғылымынан «әліпбилік» ілімі болмаса, оны түсіне алмайтындарына көзім жетті. Сол себепті бұл жолы астрономиядан ешбір хабары жоқ оқырмандардың дәрежесіне дейін төмендеп, тәуекел деп дәрістерімді басынан бастап қайта бастағалы отырмын. Егер бұл жолы да айтқанымды тыңдайтын құлақ және түсінетін сана болмаса, бәлкім келесі ұрпақ түсінер деген үмітпен, дәрістерімді доғаруға тура келеді. Өйткені, өзін адамзаттың ғаламат ғұламасы санап, білсін-білмесін, әйтеуір «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп көсілтіп жаза беретін кейбір оқырмандардың адам түсіне алмайтын «ілім-білімдермен» айтысып отыруға ешбір құлқым да, уақытым да жоқ. Сонымен «әлқисса» бастайын...