Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

332-ші Қара пайым-сөз: Шынында не істейміз? – деген сұраққа жауап: «будильникті» бақыртып қою керек...

Нұртай-Карл Ерназар бауырым осы әлгіндегі жазбама: «Бізде осы ұйықтап жатырмыз деген сөзді айтпаған адам қалмады-ау деймін. Өткенде бір інішек те осы сарында сөйледі. Оны жұрттың бəрі дөп сөз, жақсы айттың деп жатты. «Жарайды, жақсы айттың, не істейміз, нақты қандай жоспар бар, шығар жолды көрсетші» деген сауалымыз жауапсыз қалды. Шынында не істейміз?» деп пікір жазыпты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей дәл қазіргі қазақтар сияқты саяси дағдарысқа ұшырап, тығырыққа тірелген болатын. 1860-61 жж. Иван Тургенев «Отцы и дети» деген роман жазып, оған жауап ретінде 1862-63 жж. Санкт-Петербургтегі Петропавл қамалында қамауда отырған Николай Чернышевский «Что делать?» деген роман жазған болатын. Осы екі роман орыстарды 50 жылдан кейін төңкеріс жасауға алып келді. Бірақ бұл әдіс қазақтарға жүрмейді. Себебі қазақтар роман түгілі, қырық жол текст оқыса басы ауырып кетеді. Сөйтсе де «будильникті» бақыртып қоюдан басқа амал көрмей тұрмын. Мүмкін қазақ ұйқысынан оянып кетер деген үмітпен жүрген жердің бәрінде ауыз талғанша айта беру керек, айта беру керек және айта беру керек...

С подпиской рекламы не будет

Подключите Дзен Про за 159 ₽ в месяц