Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

309-шы Қара пайым-сөз: Борат фильмінің 2-ші емес, 50-ші сериясы шықса да таң қалмаймын...

2006 жылы «Борат: Қазақстанның атақты халқының игілігі үшін америкалық мәдениетті зерттеу» (ағылш. Borat: Cultural Learnings of America for Make Benefit Glorious Nation of Kazakhstan) атты фильм шығып, күллі әлемді шулатқан болатын. Бұл фильмді көрдім, бірақ маған түк те ұнаған жоқ: https://yandex.kz/video/preview?text=borat%20cultural%20learnings%20of%20america%20for%20make%20benefit%20glorious%20nation%20of%20kazakhstan&path=wizard&parent-reqid=1601984896724063-1542436899175202273100169-production-app-host-man-web-yp-15&wiz_type=vital&filmId=7613624322471611941Бұл фильм туралы мына сілтемеден оқуға болады: https://kk.wikipedia.org/wiki/Борат_(фильм). Таяуда осы фильмнің 2-сериясы шығады дегенді есітіп, Жанибек деген қазақ «Why «BORAT 2» should be canceled» петиция ұйымдастырып жатыр екен: https://secure.avaaz.org/community_petitions/ru/president_of_kazakhstan_republic_ministry_of_cultu_why_borat_2_should_be_cancelled/. Мені бұл шулы мәселенің мүлде басқа жағы «қызықтырады» емес, ойландырады. Біріншіден, «BORAT 1» фильмін шығару үшін 18 млн. АҚШ долларын кім төледі? Екіншіден, бұл фильмнің кейіпкеріне неге өзбек, тәжік, қырғыз, түркімен емес, неге дәл «қазақ» таңдалып алынды? Үшіншіден, бұл фильмде Қазақстанның елтаңба белгісі бар көк байрағы масқараланып жатқанда, қазақтың намысын неге мемлекет билігі емес, неге Жәнібек, Лола және т.т. қазақтар қорғауы керек?! Мысалы, биыл жазда Франциядағы алжирліктердің мафиясы шешеннің бір жас жігітін сабап, шешендердің шешесін с... деген сөзі үшін қаны қызу отыз шақты шешен жігіттері Францияға барып, әлгі алжирлік мафияның а... шығарып сабап кетті. Қазақтарда неге сол шешендердікі сияқты намыс жоқ? Бұл төртінші мәселе. Мың петиция ұйымдастырылса да «BORAT 2» фильмінің алдыңғысынан да сорақы болып шығатынына сенімдімін. Сыбайлас жемқорлық жайлаған билік ат төбеліндей адамдарға ғана қызмет етіп отырғаны ащы шындық. Ғаламат жер асты байлығының үстінде отырып, қазақ халқы неге қазіргідей тас жалаған тақыр кедейліктің үстінде отыр? Бұл бесінші және түйінді мәселе. Еліміздегі жағдай халықтың пайдасына шешілмейінше, Борат батыр қартайып өлгенше «Борат – 3, 4, 5 ... 50» серияны шығара беретіні даусыз. Қазақтың пешенесіне – жүрген жерінде мазақ болу ғана жазылғаны өкінішті...