Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

420-шы Қара пайым-сөз: Орыстың мына тірлігі сойқан саясаттың басы болмаса не қылсын...

Ең басында Ресей Думасының депутаттары Никонов, Федоров, Жириновскийдің «қазақта жер болған жоқ, бүкіл жер орыстікі» деген сөздерін «ит үреді, керуен көшеді» деп онша мән бергеміз жоқ. Бірақ жоқ жерден пайда болған бұл даудың артында үлкен «дәулердің» соғысы тұрғанын әлі де түсінбей жүрген қазақ көп. Орыстардың мына тірлігі – Англия, АҚШ-пен соғысып жатқан Гитлердің СССР-ға кенеттен соғыс ашқанымен пара-пар деуге болады. Мұның соңы немен біткені тарихтан белгілі. Ресейді де сол жеңіліс күтіп тұр. Бірақ ол жеңіске жеткенше, екі жақты «сатқындықтың» кесірінен, соры арылмаған қазақтың біразы текке қиналайын («қырылайын» деген сөзді жазуға дәтім бармай тұр) деп тұр. Кәллаңыз дұрыс жұмыс жасаса, өзіңіз ойлап қараңыз. Егер ар жағынан қот-қоттап айтақтап тұрған біреу болмаса, орыс депутаттарының бұл арандату сөздері екі-үш күннің ішінде айтылған жерінде қалуы керек еді. Керісінше, бұл сөз өршіп барады. Екі мемлекеттің басшылары министрлерін айтыстырып қойып, тым-тырыс отыр. Атамыз қазақ «үндеместе үйдей бәле бар» деп текке айтпаған. Бұл жер дауы екі мақсатты көздеп отыр. Біріншісі, қазақтың қанын қоздырып, еліміздегі орыстарға ұрындырып, үлкен дау туғызып, Ресейге бармай отырған еліміздегі орыстарды катастрофический сандары азайып жатқан Ресейге тездетіп көшіріп алу. Бұл қазақ үшін әрине тиімді болар еді. Екіншісі, қазақ тілінен көрі, орыс тілінде көп сөйлейтін қазақты орысымен қосып расында да Ресейге қосып алу әрекеті. Егер бұл әрекетті орыстар тездетіп жасамаса, Таулы Карабахта тез жеңіске жеткен (азербайжан емес) түріктердің жасайтынын аққұлақтар интуициясымен сезіп отыр. Осылайша жоқ жерден қазақтар Төс темір мен Болат балғаның арасында қалып отырған жайы бар. Ия, айналайын ағайын, ішкі кикілжіңдерді тоқтатып, тездетіп ойланып, мына тығырықтан тезірек шығуды ел болып, халық болып ойластыруымыз керек...