Алматы облысының Сарқан ауданына қарасты Мұқан Төлебаев ауылының тұрғындары 35 шақырым жолды өз күштерімен жөндеп шықты. Осылайша, олар туған жерге құрметтің керемет үлгісін көрсетіп, өзгелерге де осындай игі іске жұмылуға шақырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.