Жергілікті әкімдіктер жер учаскелеріне инфрақұрылым желілерін тартуда құлықсыздық танытып отыр. Соның салдарынан xалыққа жер учаскелерін тарату мен тұрғын үйлерді салу жұмысы кейінге шегеріледі. Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек әкімдерге осы мәселені тағы бір рет ескертіп өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.